Версия для печати

20 азаматқа «қаланың Құрметті азаматы» атағы беріледі

Пятница, 04 Июнь 2021 04:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2185 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясында мәдениет, білім, денсаулық және сот салаларында еңбегі сіңген 20 азаматқа «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар тағы жеті мәселе қаралды.

941

 

Атап айтқанда, Шымкент қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселеге сәйкес депутат Е.Қуатбаевтың өкілеттігі аяқталып, оның орнына Ж.Таңатарова сайланды.
Тағы бір маңызды мәселенің бірі – Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындауда біршама өзгеріс енгізілді. Бұл жөнінде
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов баяндады.
Мәслихат бекіткен кешенді сызба жаңа 78 бағыттан тұрады. Оларды енгізуде депутаттар корпусы да белсенді қатысты. Депутаттардың қатысуымен шалғай шағынаудандар мен тұрғын алаптардың тұрғындарымен бірнеше рет кездесу өткізіліп, жоспарланған бағыттар талқыланды. Кездесулер қорытындысы бойынша бағыттарға тиісті өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар, сызбаға сәйкес 7 шағын автобустың бағыттары қаралған. Бұл бағыттағы көліктер үлкен автобустар жүруге мүмкіндік жоқ, көшелері тар және жолаушылар ағыны төмен тұрғын алаптарға қатынайтын болады.
Қазіргі таңда қалада 71 көлік бағыты бойынша жолаушылар тасымалдау қызметі көрсетілуде, оның ішінде 56 бағыт кешенді сызбаға сәйкестендіріліп, қозғалыс сызбалары оңтайландырылды.
Сессия соңында қала әкімі М.Әйтенов қала үшін маңызды шешімдер тек депутаттар мен қала тұрғындарының қатысуымен ғана қабылданатын тағы бір еске салып өтті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.