Шымкент теміржол вокзалы мен әуежайына келіп түскен қонақтарға мегаполистің туристік логотипіне айналған қызғалдақтар мен түрлі пішіндегі магниткалар сыйға берілуде.
– Біздің өңіріміз – қызғалдақтың отаны. Сондықтан осы гүлді брендімізге айналдырып, әлем қызғалдақ арқылы Шымқаланы танып-білсе деген мақсатымыз бар. Сондай-ақ, бүкіл әлемнің туристеріне тән дәстүр – өздері саяхаттаған елдімекен бейнесіндегі кәдесыйларды жинау. Еліне қайтқан қонақтар Шымкентке қайта оралатындай әсер қалдыру мақсатында «30 туриске – 30 сыйлық» акциясын қолға алдық. Алдағы уақытта ұлттық болмысымызды айшықтайтын жергілікті кәсіпорындардың өнімдерін ұсынуды жоспарлап отырмыз, – дейді «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығының басшысы А.Раманов.
«Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы Шымкенттің оң имиджін тек ел ішінде ғана емес, шетелге танытуға серпін беретін мұндай бастамаларды тұрақты ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Себебі, әр турист біз үшін маңызды.