Версия для печати

Елордалық Айдана Шымкентті аралайды Избранное

Среда, 09 Июнь 2021 04:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2122 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Елордалық Айдана Үсенова «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Бақытты қалаға бір билет» байқауының жеңімпазы атанды. 25 мамыр мен 5 маусым аралығында әлеуметтік желі қолданушылары арасында өткен байқауда Нұр-Сұлтаннан Айдана Асылбекқызы күтпеген қуанышқа кенелді. Ол Шырайлы Шымқалаға саяхаттау мүмкіндігіне ие болған қуанышын бізбен бөлісті.

957

 

Мемлекет қазынасынан қаражат жұмсамай, демеушілер есебінен ұйымдастырылған байқау өзге қала тұрғындарының назарын еріксіз аударғаны рас. Байқау туралы Айдана құрбысынан естіп-біліпті. Елорда тұрғынына қаламыздың туристік имиджін дамыту әрі шаһардың көрікті орындарын насихаттау мақсатындағы ұйымдастырлған шара ұнайды. Іштей тәуекелге бел буып, бақ сынап көреді. Шымкент қаласына тегін әуе билеті, «Rixos Khadisha» қонақ үйіне бір күндік ақысыз демалыс, «Сандық» мейрамханасынан кешкі ас ішу кез келген саяхатшыны қызықтыратыны анық. Мұнан бөлек, Шымқаланың басты туристік нысандарына «RollsRoyce» көлігімен ұйымдастырылатын тур үлкен-кішінің құштарлығын тіптен асырды. Күн сайын Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Қостанай, Семей, Тараз қалаларының тұрғындары арасынан бақ сынаушылардың қатары көбейді. Әйтсе де, Айдана басынан аяғына дейін байқау шарттарын мүлтіксіз орындап шығады.
–Жолда келе жатқанмын. Байланыс сапасының нашарлығына қарамастан тікелей эфирді қарап үлгердім. Кенет инстаграм желісінен маған видоқоңырау соғылды. Ұйымдастырушылар байқаудан жеңімпаз атанғанымды айтып құттықтады. Мен сенбей тұрып қалыппын. Тек жанымдағы достарым «сен бақыттысың» дегенде есімді жидым , – дейді Айдана Үсенова.
«Сабақты ине сәтімен» деген осы шығар. Оңтүстікте өмірге келіп, 2006 жылы бас қалаға қоныс аударған тұрғынның алғашқы жеңісі өзі үшін де қызық. Ол бұған дейін үшінші мегаполистегі Бәйдібек би ескерткішін тамашалап, дендросаябақта ғана болған екен. Айдананы Шымкенттің туристік нысандарымен танысу қатты қызықтырып жүрген. Көрікті, тамаша жерлерді аралауды ұнататын оның арманы осылайша «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы арқылы орындалады.
Айта кетейік, «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы жергілікті туристік нысандардың басшыларына осындай челлендж жолдап отыр.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.