ХҚО ЖҰМЫС ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ Избранное

Среда, 09 Июнь 2021 04:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1768 раз

7 маусымнан бастап Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа жұмыс кестесіне көшті. Бұл өзгеріс Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына байланысты қабылданған.

956

 

Енді халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды дүйсенбі-сенбі аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін қабылдайды. Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.
Жауапты мамандар ХҚО-ға барған кезде қашықтық пен бетперде тағу талаптарын сақтауды сұранады.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.