Версия для печати

Ескі үйдің орнына жаңасы салынады Избранное

Пятница, 11 Июнь 2021 03:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1716 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Әл-Фараби ауданындағы Қошқарата өзеніне жақын жердегі тозығы жеткен жеке  үйлер сүрілуде.  Жылдар бойы Бекетті, Ремесленный, Таң тұры, Әлімқұлов көшелеріндегі баспаналардың жаңаратынына тұрғындар дән риза.

977

 

Жуырда атыраулық «SDN Construction» компаниясы ескі баспаналарды сатып алып, 4 га жерге тұрғын үй кешенінің құрылысын бастады. Сөйтіп, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірге 12 қабатты «Medina», «SDN Village» тұрғын үйлері бой көтеріп жатыр.
Осылайша өзен маңындағы сапасы сын көтермейтін жекеменшіктегі 113 үй жойылмақшы.
Аудан әкімі Рашид Мыңбаевтың айтуынша, 1-кезеңде тозығы жеткен – 36 , 2- кезеңде 50 үй сатып алынған. Ал 27 үйдің тұрғындарымен келіссөздер жалғасуда. Жоба толық іске асқанда көпқабатты үйлер салынып, 250 пәтер пайдалануға беріледі.
– Ескірген үйіміздің іргетасы шөгіп кеткен еді. Баспанамыздың қабырғалары құлауға шақ тұр. Ал жаңа үй тұрғызуға жағдайымыз жоқ. Қазір құрылыс материалдарының бағасы шарықтап кеткен. Сондықтан «SDN Construction» компаниясының ұсынысы бәрімізге ұнады. Заманауи келбетті тұрғын үй кешенінің тұрғыны болатыныма қуаныштымын, - дейді зейнеткер
Клара Мендекеева.
Жоба қала архитектурасына айтарлықтай серпін береді деп күтілуде. Қазір кешеннің бірінші қабатының құрылысы аяқталып, екінші қабатына кірісті. Мұнан бөлек, жаңа кешен толығымен абаттандырылады. Қалалық тұрғын үй басқармасы тарапынан құрылыс компаниясына Ә.Жылқышиев көшесіндегі ескірген 2 қабатты үйге реновация жобасы (Реновация – ескі, тозығы жеткен, өмір сүруге қауіпті үйлерді бұзып, орнына заманауи жаңа тұрғын үй салу процесі) ұсынылған.
Аудан әкімдігінің халықпен жұмыс жүргізу бөлімі мамандарының сөзінше, реновация жобасын жасауға қарсы тұрғындар да бар. Мәселен, Әлімқұлов, Володарский көшесі бойындағы баспана иелері келісім бермеген. Себебі біреулері сатып алынатын қаражат құнына келіспесе, 50 жылдан астам тұрып келе жатқан қарияларға ескі үйде өмір сүру ыңғайлы көрінеді. Ал тозығы жетіп, қабырғалары қаусаған 2 қабатты үйлерде небәрі 16 пәтер иесі тұрады.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.