Версия для печати

«Шуағын төккен Шымқала» Избранное

Пятница, 18 Июнь 2021 04:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1776 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, 19 маусым – Қала күніне орай мерекелік шаралар жалғасуда. Соның бірі қалалық жасөспірімдер кітапханасында өтті.

221

 

«Шуағын төккен Шымқала» өлкетану кешінде жастарға Қазақстанның көне қалаларының бірі Шымкенттің тарихы туралы толық мәліметтер беріліп, кеңінен насихатталды. Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге қала туралы деректерді таныстыру арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырумен қатар, оқырмандардың мәдени және рухани білімін көтеру.
Рухани кешке ақын, халықаралық Физули сыйлығының иегері Құрал Көмек, ақын Дәркен Танабаев қонақ болды. Кеш барысында «Тарихы терең Шымкент» атты бейнефильм көрсетіліп, «Шырайлым, Шымкентім» атты әдеби композиция, «Мақтанышым мекенім» викториналық ойындар ұйымдастырылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.