Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап Избранное

Пятница, 18 Июнь 2021 04:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1656 раз

Шымкентте «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына – 30 кітап» атты әдеби сағат өтті.

220

 

Іс- шараның мақсаты Президент ұсынған 30 әлем және қазақстандық авторлардың кітаптарын оқуға шақыру, қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.
Айта кету керек, елімізде республикалық «Бір ел–бір кітап» акциясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Ол жерде танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік туындысы таңдалды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.