Версия для печати

Тұрақтандыру мақсатында айналым қаражаты беріледі Избранное

Пятница, 18 Июнь 2021 05:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1937 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновтің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларының барысы жөнінде жиын өтті.

230

 

Басқосуға ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Сержан Сихымбекұлы, «SHYMKENT» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Канкин және кәсіпкерлер қатысты.
Қалада жыл басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 106,2 пайызды көрсетті. Бұл көрсеткішпен қала республика бойынша 11 орында тұр.
Жалпы 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар іске асуда. Бұл ретте тұрақтандыру қорымен кәсіпкерлік субъектілеріне айналымға қарыз қаражат беріліп, келісімшарттар түзілді.
Атап айтқанда, ірі сауда желілері – «Грамад» (800 млн.тг) 12 тауар түрі, «Фиркан» (300 млн.тг) 11 тауар түрі, «Magnum Cash&Carry» (1 млрд.тг) 19 тауар түрімен қамтылды. Жергілікті тауар өндірушілері – «TURAR» ЖШС (I сұрыпты ұн нан бағасын тұрақтандыру – 505 млн.тг), «Шымкент құс» ЖШС (I санатты жұмыртқа 200 млн.тг), «Hermes» ЖШС (көкөніс өнімдері – 128 млн.тг), «Юпекс» ЖШС (құмшекер – 500 млн.тг), «Момбетчеев» ЖК (күнбағыс майы – 200 млн.тг) және «Қасқасу-С» шаруа қожалығына (сиыр еті – 200 млн.тг) айналым қаражаты берілді.
Бұдан бөлек, қаладағы ірі шаруашылықтар - «Бәйтерек Агро» ШҚ-на (200 млн. тг), «Керемет-Сапа» ШҚ-на (100 млн.тг) тұрақтандыру қорының айналым механизмі бойынша қарыз қаражатын беру жоспарлануда. Жоспарға сәйкес, аталған кәсіпкерлік нысандармен келісімшарттар түзілген жағдайда ет, көкөніс өнімдері және I сұрыпты ұн сауда желілерінде белгіленген бағада сатылатын болады.
Сонымен бірге, қаланың 4 ауданында, халық тығыз орналасқан аймақтарда әлеуметтік дүкендерді көптеп ашу көзделген. Қаладағы жергілікті тауар өндірушілерді және шаруа қожалықтарды қолдау мақсатында және азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары аясында апта сайын 4 ауданда («Фосфоршылар» мәдениет үйінің алды, «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағы, «1000 ұсақ-түйек» сауда қатары, «Рахима Плаза» сауда орталығының жаны) азық-түлік жәрмеңкелері өткізілуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.