Версия для печати

ИЗРАИЛЬДІК КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ Избранное

Пятница, 18 Июнь 2021 05:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1637 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «METZER PLAS» израильдік компания өкілі Шмуль Шчупакпен кездесті. Бас қосуда тараптар екі ел ынтымақтастығын нығайта отырып, елімізде тамшылап суару түтігі өндірісін іске қосу жайын айтты.

231

 

«METZER PLAS» компаниясы – ауыл шаруашылығында суару саласындағы жетекші компаниялардың бірі. Олар өз тұтынушыларына су ресурстарын ұтымды пайдаланудың инновациялық технологияларын ұсынады. Қазіргі уақытта тамшылатып суару технологиясы суару нарығында әртүрлі салаларда қолданудың арқасында үлкен үлесті алады. «Ирригатор Казахстан» ЖШС нақ осы компанияның ресми өкілі болып табылады. Айта кетерлігі, Израиль мемлекеті әлемде аргоөнімдерді экспорттауда алғашқы орындарда.
Компанияның басқарма төрағасы Шмуль Шчупак инвестор ретінде Шымкент қаласында тамшылатып суаруға арналған полиэтилен құбырларын өндіру жобасын іске асыруға қызығушылық танытып отырғанын айтты. Қаланың географиялық орналасуы, климаттың қолайлылығы Шымкенттің басты ерекшелігі болып тұрғанын атап өтіп, іскерлік қарым-қатынасқа қолдау көрсетуін сұрады.
– Шымкенттің стратегиялық маңызды объектілері және әртүрлі салаларға инвестиция салуда белгілі бір артықшылықтары бар. Қалада 3 «Оңтүстік», «Тассай» индустриялық аймағы, арнайы-экономикалық аймақ және 1 сауда-логистикалық орталық жұмыс істейді. Мұнда қаражатты тиімді инвестициялау және жобаларды іске асыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Инвесторларға ұзақ мерзімді жалға берілетін тегін жер телімдері, дайын инфрақұрылым және коммуналдық қызметтерге төмендетілген тарифтер ұсынылады. АЭА қатысушылары үшін салық жеңілдіктері де қолданылады. Сондай-ақ, қала көлік-логистикалық хаб ретінде дамып, өңірдің екі ірі экономикасын біріктіріп, халықаралық саудадағы Қазақстанның оңтүстік қақпасына айналады, - деген қала әкімі бірлескен жобаларды іске асыруға сенім білдірді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.