Версия для печати

Міндет – үлкен, жауапкершілік – жоғары Избранное

Пятница, 18 Июнь 2021 05:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1554 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде аталып өтеді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мереке қарсаңында сала мамандарын марапаттады. Медицина саласына қосқан жоғары үлесі үшін 5 қызметкерге Шымкент қаласы әкімінің алғыс хаты, 5 азаматқа «Еңбек ардагері» медалі, 8 маманға «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі, 5 дәрігерге «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі табысталды.

236

 

– 2020-2021 жылдар денсаулық саласы үшін өте ауыр болды. Сын сағатта медицина қызметкерлері ажалмен арпалысып, ауыр бейнеттің ортасында жүрді. Сіздерге үлкен міндеттер қойылып, сонымен бірге мемлекет тарапынан қолдау да көрсетіліп келеді. Коронавирус індетіне қарсы күресте жанкешті еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын! - деген шаһар басшысы сала үздіктерінің қызметіне сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, Тәуелсіздік жылдарындағы медицина саласының жетістіктерін атап өтті. Денсаулық сақтау саласындағы бюджет 30 жылда 50,8 млн.теңгеден 79,1 млрд. теңгеге дейін өскен. 3000 бірліктен астам медициналық техника сатып алынған. Бүгінгі күні қаланың медициналық ұйымдарының жарақтандырылуы 25,3 пайыздан республикалық көрсеткішке 77,5 пайызға дейін жеткізілді. Дәрігерлер саны 1991 жылғы 2205 дәрігерден 2021 жылы 4205-ке дейін өсті. Ана өлімі 10 есеге, нәрестелер өлім-жітімі 3 есеге төмендеді. Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 7,7-ден 0,9-ға дейін төмендеді. Нәтижесінде халықтың күтілетін орта жасы он жылға өсіп, 70 жастан асты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.