ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАҚЫЛАУДА Избранное

Среда, 30 Июнь 2021 04:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1614 раз

Қала аумағында жыл басынан бері 85 өрт оқиғасы тіркелді. Абырой болғанда, тілсіз жаудан мерт болған адамдар жоқ. Бұл туралы Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев мәлімдеді. Ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында азаматтық қорғау полковнигі өрт қауіпті кезеңдегі өзекті мәселелер туралы баяндады.

341

 

– Тіркелген өрт шығу жағдайының жартысына жуығы тұрғын секторда орын алып отыр. Оның басты себебі, отты абайсыз пайдалану, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, – деді спикер.
Департамент басшысы орынбасарының мәліметінше, автокөліктегі өрт оқиғасы 32 пайызды құраған. Орын алған жағдайлар бойынша 40 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Брифинг соңында департаменті бастығының тағы бір орынбасары, полковник Жәнібек Кәрімбаев азаматтық қорғау құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізілетінін хабарлады. Айта кетейік, қала бойынша 85 сирена-сөйлеу қондырғысы бар.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.