11 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Избранное

Пятница, 09 Июль 2021 04:59 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1455 раз

Шымкентте Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Елорда күні мерекесі аясында бірқатар индустриалды және ауыл шаруашылығы жобалары іске қосылды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысқан жаңа өндіріс орындарының ашылу рәсімі онлайн форматта өтті.

413

 

Мұрат Дүйсенбекұлы шаһардың экономикалық әлеуетін арттыруға қосқан үлесі үшін кәсіпкерлерге ризашылығын білдіре отырып, жаңа кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына табыс тіледі.
Жаңа өндіріс желілерін іске қосуға 6,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Кәсіпорындарда 344 жаңа жұмыс орны ашылып отыр.
Іске қосылған кәсіпорындардың арасында 6 жоба – индустриалды өндіріс орындары. Олардың ішінде металл және темір бұйымдары, корпусты жиһаз, автомобиль шиналары, халық тұтынатын тауарлар, жеңіл өнеркәсіп жобалары бар. Ал ауыл шаруашылығы саласында 5 жоба жұмысын бастады. Атап айтқанда, жылыжай шаруашылығы іске қосылса, мал шаруашылығында ірімшік және сүт өнімдері, минералды су цехтары, тауарлы сүт фермасы, мал шаруашылығы жобалары жүзеге асты.
Айта кету керек, қазіргі таңда өнеркәсіп саласында 700-ден астам кәсіпорын белсенді жұмыс істейді.
Өнеркәсіп саласының үлесі жалпы өңірлік өнім көлемінің төрттен бірін құрайды. Былтырғы қорытынды бойынша қаланың өнеркәсіп саласында 654,2 млрд теңгенің өнімі өндірілген.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Шымкент қаласының экономикасына 2,5 трлн теңгенің инвестициясы тартылса, шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 2,3 млрд АҚШ долларын құрайтын 17 жоба жүзеге асты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.