Версия для печати

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САПАСЫН АРТТЫРУ – БАСТЫ МАҚСАТ Избранное

Среда, 14 Июль 2021 04:29 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1341 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қала жолдарының ұзындығы – 3 247 шақырым. Оның 37 пайызында асфальт төселмеген. Биыл 163 көшеде күрделі және орташа жөндеу жұмыстары басталды. Нәтижесінде, қанағаттанарлық жолдардың үлесі 64 пайызға жетеді. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов Президенттің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

431

 

Сонымен бірге әкім 16 елді мекенде электр энергиясының сапасы төмен екенін айтып, осыны жою мақсатында биыл осы салада 14 нысанның құрылысы басталғанын мәлім етті. Халықты сапалы электрмен қамту мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі.
Ал, 33 елді мекен табиғи газбен жартылай қамтылса, 8 елді мекенге газ тартылмаған. Газ тарату станцияларының қуаттылығы жеткіліксіз. Биыл газбен қамту бойынша 18 нысанның құрылысы жүргізілуде. Газдандыру мәселесі 2023 жылы толығымен шешіледі деп жоспарлануда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.