Версия для печати

Туристерге төлем картасы жасалады Избранное

Пятница, 16 Июль 2021 03:37 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1817 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте туристерге арналған жаңа төлем картасы пайда болады. Бұл туралы «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Айдарәлі Раманов «Ашық микрофон» жобасында мәлімдеді.

463

 

Спикердің айтуынша, Шымшаһарға қыдырып келуші азаматтарға жаңа «Tolem Tourist» картасы әзірленуде. Аталған пилоттық жоба аясында қаладағы туристік нысандарды бірыңғай картаға енгізіп, туристерге дайын жол картасы ұсынылмақ.
– Өзіндік жеңілдіктер қарастырылған арнайы картаға енгізілетін кәсіпкерлік нысандарымен қазіргі таңда келіссөздер жүргізілуде. Алдын ала жасаған зерделеуге сүйенсек, картамен төлем жасау нысандардың әрқайсысына жеке-жеке төлем жасаудан бірнеше есеге арзанға түседі. Қазіргі таңда сатылым бағасы, жарамдылық мерзімі және жетілдіру бойынша жұмыстар басталып кетті, - деді А.Раманов.
Еркін форматта өрбіген жиында орталықтың атқарылып жатқан жұмыстары айтылды. Ашық микрофон алаңына жиналғандар қаланың туристік әлеуетін талқылады. Бұл ретте «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының жобалары тақырыпқа арқау болды. Айдарәлі Рамановтың айтуынша, бес айдың ішінде 5476 адамға ақпараттық- анықтамалық қызмет көрсетілген.
Ал орталықтың қолға алған ауқымды жобаларының бірі – «Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» атты ел чемпионаты. Шілде айына жоспарланған он күндік ел біріншілігіне 500-ге жуық шахматшы қатысады деп күтілуде.
– Әлемдік шахмат (20 шілде) күнімен орайластырылып отырған шараның мақсаты – халықаралық шахмат аренасында Қазақстанның оң имиджін қалыптасыра отырып, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру. Бұл чемпионаттың туризмге қандай қатысы бар деген сауалдың қойылуы да орынды. Әлемдік тәжірибеде көптеген елдердің шахматтан өз астаналары бар. Мұндай орталықтарға нағыз ойы жүйрік жандар жыл сайын жиналып отырады. Біз әр турист – микроинвестор қағидасын негізге аламыз. Тиісінше, қала жастарын зияткер болуға шақырамыз, - деді Айдарәлі Раманов.