Версия для печати

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ КҮРДЕЛІ Избранное

Пятница, 16 Июль 2021 03:39 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1258 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ақпараттық-коммуникация орталықта БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз брифингінде осылай деп мәлімдеді. Алайда бүгінгі жағдай қала әкімінің тұрақты бақылауында тұр.

460

 

Қазіргі таңда Шымкенттегі денсаулық сақтау мекемелері штаттық жағдайда жұмыс істеп жатыр. Жыл басынан бері қалада вирус жұқтырған 10 680 адам тіркелген. Оның 7915-і жазылып шықты. Ал соңғы тәулікте қалада вирус жұқтырудың 416 фактісі тіркелген. Бұл – антирекордтық көрсеткіш.
— Қазіргі уақытта қалада 2564 науқас емделуде. Олардың жартысы, яғни, 1346 адам стационарда, ал қалғандары үй жағдайында ем алуда. Шымкент емханаларындағы жалпы 211 мобильді топ үй карантиніндегі азаматтарға хабарласып, карантин талаптарын сақтау туралы ескертіледі, қадағаланады. Бір алаңдатарлығы, жүкті әйелдер арасында вирус жұқтыру фактісі көбеюде. Зерделеуіміз бойынша оларға вирус көбінесе көпшілік орындарға барған жақындарынан жұғуда. Сондықтан, баршаңызды сақтық шараларын ұстануға шақырамыз, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Брифингте, сонымен қоса, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов пен қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев карантинге байланысты шектеу шаралары мен кәсіпкерлерді қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.