Версия для печати

МЕГАПОЛИС – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУДАН ЕКІНШІ ОРЫНДА Избранное

Среда, 21 Июль 2021 04:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1504 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Бұл туралы қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте айтылды. Бұған қоса Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындағы іс-шаралар үшінші мегаполисте кешенді жоспарға сай жүзеге асырылуда. Кешенді жоспар қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қатысуымен бекітілген.

483

 

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Бексұлтан Әділхановтың айтуынша, тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жыл басынан бері әр айға бөлек атау беріліп, кең көлемде аталып келеді.
— Кешенді жоспар 109 тармақтан тұрады. Жыл басынан бері 100-ден аса іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде ең бастылары деп ресми түрде ашылған Shymqala этноқалашығын, елімізде ең алғаш болып Шымкентте өткізілген «Жастар лигасы» спорт сайысын, Әз-Наурыз мерекесін 10 күн бойы атап өтуін, жаңарған 3 кітапхананың ашылуын, Елорда күні қарсаңында 11 инвестициялық жобаның іске қосылуын айтуға болады, – деді Бексұлтан Ержанұлы.
Мерекелік іс-шаралар екінші жартыжылдықта да жоспарға сай өткізіледі. Атап айтқанда Отбасы күніне орай мерейлі отбасылар слеті ұйымдастырылып, 7 жаңа өндіріс орнын ашу, кітапхана және 4 мектепті ел игілігіне беру, Бозарық қосалқы стансасын іске қосу және 2400-ден аса пәтер кілтін табыстау жоспарлануда.
Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева үшінші мегаполисте тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында атқарылып жатқан істер туралы бөлісті. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған іс-шараларға жергілікті меценаттар қолдау көрсетіп, тарихи ескерткіштер жаңартылып, жаңа спорт алаңшалары ел игілігіне берілген.
Бұл ретте Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Рәшкүл Оспанәлиева Нұр Отан партиясы Шымкент қалалық филиалының көмегімен қайырымдылық мақсатында 90 млн теңге көлемінде қаржы жиналып, халық игілігіне жұмсалғанын атап өтті.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.