Версия для печати

Шахматтан ел чемпионаты басталды Избранное

Пятница, 23 Июль 2021 03:58 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1752 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Үшінші мегаполисте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, қала әкімі М.Әйтеновтің бастамасымен шахматтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы ел біріншілігін қала әкімдігі мен қазақстандық шахмат федерациясы бірлесіп ұйымдастыруда.

516

 

Іс шараның мақсаты – халықаралық шахмат аренасында Қазақстанның оң имиджін қалыптастыра отырып, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру. Сондай-ақ, шахматтан жаңа таланттарды анықтау.
Сайыстың ашылу салтанатына Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко, «Black Rock Business» ЖШС-і директорының орынбасары Бауыржан Мырзатаев,
Қазақстан шахмат федерациясы директорының орынбасары Ануар Исмагамбетов және «Visit Shymkent» орталығының басшысы Айдарәлі Раманов арнайы қатысты.
Сайыс 20-30 шілде аралығында он күн бойы жалғасады. Спортшылар 8, 10, 12, 14, 16,18 жасқа дейінгі жас категориялары бойынша ұлдар мен қыздар арасындағы стандартты, рапид және блиц шахмат түрінен өзара мықтыны анықтайтын болады. Бұл ретте классикалық шахматтан 18 жасқа дейінгі чемпиондар әлем чемпионатына жолдамаға ие болса, күміс жүлдегерлер Азия чемпионатына қатысу құқығы беріледі.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде (Кубок) ең көп алтын медаль алған аймақ делегациясына беріледі. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 2 880 000 теңге.
Айта кетейік, шахматтан ел біріншілігі «Black Rock Business» ЖШС-нің демеушілігі және «Air Astana», «Allur Auto», «Сарыарқа АвтоПром», «AIFC», «Delix» серіктес компанияларының қолдауымен өтуде.