Осыған орай Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев инвесторлармен кездесіп, құрылыс жоспарын пысықтады. Басты мақсат – қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы жағдай жасау. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аялдамаларға бейнебақылау камералары орнатылады.
Сондай-ақ, жолаушылардың ең басты қажеттіліктері саналатын желдеткіш пен тегін wifi, телефон қуаттағыш құрылғысы, көлік бағыттарын көрсететін жол картасы да қойылады.
Жаңа үлгідегі аялдамалар тамыз айында ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.