Оюлы текеметті сырлы түрлі-түсті бояумен безендірген. Алдағы уақытта орталыққа келген қала тұрғындары мен қонақтары текеметті тамашаласа, ал балақайларға түрлі ұлттық ойындарды, яғни орталық іс-шараларын осы текемет үстіне ұйымдастырылатын болады.
Естеріңізге салсақ, Қазақстан аумағы бойынша жалғыз орталық, яғни «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы Шымкент шаһарында орналасқан. Мұнда салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізіліп, баспа өнімдері шығарылып және де ғасырдан ғасырға жеткен ұлттық құндылықтарымыз кеңінен насихатталады.