Версия для печати

Қатаң шектеулер қайта енгізіледі Избранное

Пятница, 30 Июль 2021 04:16 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1463 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Бүгінгі таңда республиканың 16 өңірі «қызыл аймақта». Бес өңірде эпидемиологиялық ахуал өте күрделі. Соның ішінде үшінші мегаполис те бар. Осыған орай Шымкент қаласы бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 2 тамыздан бастап үшінші мегаполисте шектеу шаралары қатаңдатылды. Алайда «Ashyq» қосымшасына тіркелген тамақтану, сауда орталықтары, сән салондары және басқа да бизнес нысандары демалыс күндерінен басқа уақытта да жұмысын істей береді.

609

 

Карантиндік шектеу шаралары екі аптаға созылады. Әрі қарай локдаунның қалай болары эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Қаулы бойынша халыққа қызмет көрсететін кәсіпкерлік нысандар «Ashyq» қосымшасымен сағат кешкі 20.00-ге дейін, ал қосымшаны сәтті пайдаланып келген бизнес объектілер түнгі 22.00-ге дейін жұмыс істей алады. Жеңілдік қарастырылған кәсіпкерлер - «Ashyq» қосымшасының лидерлері. Бір аптадан кейін жағдай түзелсе, 9 тамыздан бастап бұл көрсеткіштер өзгереді. Яғни «Ashyq»-пен жұмыс істейтіндер 22.00-ге дейін, ал Ashyq-пен жауапты қызмет көрсетуші – «Ashyq» лидерлеріне 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Қаулы бойынша құрылыс, ауыл шаруашылығы, байланыс қызметтері, туристік компаниялар, валюта айырбастау пунктері, гүл дүкендері, фотосалондар, медициналық ұйымдар, дәріханалар, азық-түлік дүкендері, супермаркеттер, қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істесе, ал музей, кітапхана, білім беру орталықтары, сұлулық салондары, ашық және жабық базарлар, демалыс орындары, банк, ХҚКО, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, мектепке дейінгі мекемелер, діни объектілер, мейрамахана, кафе, қоғамдық тамақтану орындары, жазғы алаңдар, монша, сауна, бассейн, SPA орталықтар, қалааралық, облысаралық тұрақты автобустар, спорт кешендері, театр, кинотеатрлар, букмекерлік, компьютерлік клубтар, зоосаябақ және көрмелердің жұмысына тыйым салынады.