Мүлік иелері бірлестігіне бірігуде Избранное

Среда, 04 Август 2021 05:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1309 раз

Абай ауданы аумағында көпқабатты 453 тұрғын үй болса, соның 52-і мүлік иелерінің бірлестігіне бас біріктірген. Бұл туралы аудан әкімі Бұхарбай Парманов мәлім етті.

634

 

Аудан әкімінің айтуынша, елімізде жаңадан енгізілген жоба көпқабатты тұрғын үйлердің баспанаға қатысты өзекті мәселелерін өздері оңтайлы шешуіне мүмкіндік береді. Бүгінде ауданда кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) құру бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының медиа жоспары бекітіліп, жұмыстар тұрақты жүргізілуде.
– Жыл басында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша жаңа заң күшіне енді. Жаңа жоба аясында әрбір үй өз алдына дербес есепшот ашып, ай сайын оған белгіленген мөлшерде жарна төлейді. Қорға жинақталған қаржыны тұрғындар ортақ қажеттіліктеріне келісе отырып жұмсай алады. Жаңа жүйенің бұған дейінгі кондоминиумнан артықшылығы – бірлестікке бұрынғыдай бірнеше көпқабатты тұрғын үй емес, бір үйдегі пәтерлер ғана мүше бола алады. Аудан аумағындағы көпқабатты 374 тұрғын үй кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркеуден өткен. Ал қалған көпқабатты 76 тұрғын үйді кондоминиум нысаны ретінде тіркеу жұмыстары ұйымдастырылып, келісім хаттамалары жиналуда, - деді аудан әкімі.
Бұхарбай Рысқұлұлы ауданда «Бір үй-бір бірлестік-бір шот» қағидасын түсіндіру барысында көпқабатты 142 тұрғын үйдің келісім хаттамасы жасалғанын да атап өтті.
–Бұл көрсеткіш тұрғын үй көлеміне шаққанда 31,5 пайызды құрап отыр. Оның ішінде, көпқабатты 90 тұрғын үйде жай серіктестік және көпқабатты 52 тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді. Бұдан бөлек, көпқабатты 3 тұрғын үйдің құжаттарына рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде, - деді ол.