Версия для печати

Ескі үйлерді жаңарту бағдарламасы бекітілді Избранное

Среда, 04 Август 2021 05:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1408 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте тозығы жеткен тұрғын үйлерді түбегейлі жаңарту бойынша ірі құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізілуде. Жөндеу жоспарына кіретін көптеген үйлер қала орталықтарында орналасқандықтан инвесторлар бұл іске қызығушылық танытты.

633

 

Осыған байланысты бүгінде бірқатар құрылыс компанияларымен, оның ішінде Bi Group, Otau Group және т.б. компаниялармен келіссөздер жасалуда. Аталған реновациялық бағдарлама инвесторлар арқылы азаматтық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Реновация «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бекітілді. Аталған бағдарлама бойынша жыл соңына дейін тұрғындардың келісімі алынатын үйлердің тізбесі анықталып, іске асыру көзделіп отыр.
Айта кету керек, техникалық тексеру нәтижелері бойынша реновация бағдарламасына тозығы жеткен 107 тұрғын үй енгізілген. Оның ішінде Абай ауданы бойынша - 56, Әл-Фараби ауданы бойынша - 43, Еңбекші ауданы бойынша - 8 тұрғын үй.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.