Өмірге үшем келді Избранное

Пятница, 06 Август 2021 03:58 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1837 раз

Шымкентте Айым, Рахат, Аяла, есімді сәбилер өмірге келді. Шымкент қалалық перинаталдық орталықта өмірге келген үшемнің де анасының да қазір денсаулығы жақсы.

656

 

Қала тұрғыны Жанна Мелдешовва жүктіліктің 34-аптасында босанған.
Мерзімінен бұрын толғағы басталған жүкті келіншек пен үш шақалақтың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер кесарь тілігін жасап, операция арқылы сәтті босандырып алды. Үшеуінің де салмағы екі келіден асады, дейді мамандар.
Он жылдан бері бала сүйе алмай келе жатқан ерлі-зайыптылар осылай үлкен қуанышқа кенелді. Үшемге перинаталдық орталықтың неонатологтары ерекше күтім жасады. Білікті медицина мамандарының қарауында болған шақалақтардың бір апта ішінде денсаулықтары оңалып, анасымен бірге үйіне шығарылды.
Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері 19 797 сәби дүние есігін ашқан. Олардың 135-і егіз болса, төртеуі үшем.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.