МЕКТЕПТЕР МЕЖЕЛІ МЕРЗІМДЕ АЯҚТАЛУЫ ТИІС Избранное

Пятница, 06 Август 2021 04:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2065 раз

Үшінші мегаполисте жаңа оқу жылында білім беру мекемелерінің саны артады. Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылысы жүріп жатқан жаңа мектептердің жұмысын көрді.

661

 

«Тұран» шағынауданындағы 1200 орындық мектептің құрылысы 2019 жылдың қараша айында басталған. Құрылысқа жауапты бас мердігер – «АРТ-құрылыс» ЖШС. Мердігер компания өкілдері құрылысты биыл тамыз айында аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, «Сайрам» тұрғын алабында 300 орындық мектептің де құрылысы қарқынды жүргізілуде. «Жаңа Арна – 2002» ЖШС салып жатқан нысанның сметалық құны - 1 020 553,0 мың теңге. Нысан құрылысы өткен жылдың наурыз айында басталған.
Қала әкімі тұрғын алаптағы 120 орындық қосымша оқу корпусының да құрылыс барысымен танысты. Қазір мұндағы жұмыстар «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, құрылысты тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр.
Білім беру нысандарының жұмысын аралап көрген қала әкімі жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы орындап, межелі мерзімді тапсыруды міндеттеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.