ДАРХАН ЕРЛЕДІ Избранное

Пятница, 06 Август 2021 04:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2109 раз

Токио олимпиадасында үшінші мегаполистің намысын қорғаған каратэші Дархан Асаділов қола медальға ие болды.

663

 

67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз франциялық Стивен да Костамен кездесіп, 2:5 есебімен есе жіберді.
Дегенмен қола медаль жерлесіміздің қоржынында қалды. Бұл Қазақстан құрамасының жарыстың он төртінші күні алған үшінші қола медалі. Ал каратэден алған ел тарихындағы алғашқы жүлде.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жалпы медаль саны бойынша жеті қоламен 76-орында келеді. Атап айтсақ, дзюдодан Елдос Сметов, ауыр атлетикадан Игорь Сон және Зульфия Чиншанло, бокстан Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, еркін күрестен Нұрислам Данаев жүлдегер атанды. Ал ел құрамасының қоржынына жетінші жүлде, жетінші қола медальді Дархан Асаділов салды.