Версия для печати

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ Избранное

Среда, 08 Сентябрь 2021 04:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 866 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысының шеткі аймақтарды дамыту туралы берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында шағынаудандар мен тұрғын алаптардың инфрақұрылыммен қамтылу жайын пысықтады.

751

 

Еңбекші ауданын электр жүйесімен қамтылу жағдайын баяндаған Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков ауданның мемлекеттік электр жүйесімен қамту көрсеткіші 96,5 пайызды құрайтынын жеткізді. Қазіргі таңда Жалын тұрғын алабында, Жұлдыз және Қарабастау тұрғын алабтарының жаңа құрылысында сапалы электр желісін тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Оның айтуынша, 10 тұрғын алаптағы жекеменшік жүйедегі 2,5%-ды және жаңа құрылыс учаскелеріндегі қамтылмаған 1,0%-ды сапалы электр қуатымен қамту үшін қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС-мен жобалық сметалық құжат әзірленуде. Жыл соңында ЖСҚ аяқталған соң, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге өтінім беріледі.
2022 жылы Қарабастау, Қаратөбе, Айнатас, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1/2, Тұрдыабад, Маятас, Еламан тұрғын алабтарының электр сапасы артады. Осылайша алдағы жылдары Еңбекші ауданындағы 47 мыңнан астам тұрғын сапалы электр қуатына қол жеткізіп, қамтылу көрсеткіші 100 пайызға жетпек.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.