Версия для печати

Ел экономикасын дамытуға тың серпін берді Избранное

Среда, 08 Сентябрь 2021 04:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 881 раз
Оцените материал
(0 голосов)

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Қаратау ауданы активінің отырысы өтті. Жиынға Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов төрағалық етті.

752

 

Жиын барысында сөз алған Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Т.Балтабаев Жолдаудағы баспана мәселесі мен әлеуметтік қолдауға қатысты пікірін білдірді. Ал, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Тоқмағанбетов еліміздің кемел келешегі үшін өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу зиялы қауым өкілдерінің парызы екенін тілге тиек етті.
Шымкент қаласындағы №85 жалпы орта мектеп директоры Ж. Сихамбекова да Жолдауға үн қосты.
— Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жыл сайын Жолдауда білім саласына ерекше мән беріп келеді. Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектертің білімі еңбек нарығына жарамды болу үшін оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеуді міндеттеді. Яғни, білім сапасын арттыру үшін күш жұмсайтын боламыз, - дей келе, бүгінде білім саласындағы атқарылып жатқан жұмыс барысын баяндады.
Жолдауда ерекше басымдық берілген баспана алуды жеңілдету, жайылымдық жерді игеру мен жалдамалы жұмысшылардың жалақысын көтеру мәселелері жөнінде «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә. Рахманұлы тарқатып өтті.
—Жалақы мөлшерін жариялы түрде көбейткен кәсіпорындарға Үкімет тарапынан арнайы жеңілдіктер қарастыру — ел әлеуетінің жақсаруына ықпал етеді. Елдегі жалдамалы жұмысшылардың жалақы қоры мен кәсіпорын пайдасының арасындағы алшақтық 60 пайызға жетуінің өзі, жұмысшылардың еңбегінің бағаланбауын көрсетеді. Жалақы көлемін көтерген кәсіпорынға арнайы жеңілдіктер қарастыру мәселенің жедел шешілуіне ықпал етпек, -деді ол.
Жиын соңында Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері жарыссөзге шығып, өз ойларын жеткізді.
— Мемлекет басшысы «Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың
17 пайызы ғана – отандық өнім. 2025 жылы оны 50 пайызға жеткізу қажет» деп денсаулық саласына айрықша басымдық берді. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы» мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жұмысты үйлестіруді, тұрғындарды толық азық-түлікпен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл Жолдау ел экономикасын дамытуға тың серпін беріп отыр, - деп Қаратау ауданы әкімі А. Әліқұлов жиынды қорытындылады.

З.КЕНБАЕВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.