ДЕМЕУШІЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТТЫ Избранное

Пятница, 10 Сентябрь 2021 04:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 221 раз

Шымкентте жасы 18-ден асқан мүгедектігі бар жандарға арналған орталықтың ресми ашылу салтанаты болды. «Рақмет, саған, Анашым» орталығының жетекшілері мен жасөспірімдер қонақтарға дастархан жайып, өз өнерлерін көрсетті. Іс-шараға «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсының» төрағасы Жұмағали Білісбеков, түрлі қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, әнші Заттыбек Көпболсынұлы, жеткіншектер мен олардың ата-аналары қатысты.

710

 

– Ерекше күтімді қажет ететін балалар қоғамға етене араласуы керек. Басқа да жерлестеріміз осындай орталықтардың бар екенін білуі бағытындағы жұмыстарыңызға Азаматтық Альянс тарапынан қолдау көрсетеміз. Орталық жұмысына тек сәттілік, ал ата-аналарға төзімділік пен денсаулық тілейміз! – деді Жұмағали Дәулетбекұлы.
«Рақмет, саған, Анашым» қоғамдық қорының төрайымы Кенжетаева Алмагүлдің айтуынша, қор 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ал жақында қалалық әкімдіктің, демеушілер мен қамқор жандардың қолдауымен осы ғимарат жөнделген. Орталық жасы 18-ден асқан 12 адамға лайықталған. Тренажер құралдары мен демалатын бөлмелері бар. Мүмкіндігі шектеулі жандарды ата-аналары орталыққа таңертең алып келіп, кешке алып қайтады. Мұндай жандар орталыққа Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жолдамасымен келеді.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.