№2 ХҚО ЖӨНДЕУГЕ ЖАБЫЛДЫ Избранное

Среда, 15 Сентябрь 2021 04:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 112 раз

Шымкент қаласы Қаратау аудандық №2 халыққа қызмет көрсету орталығы уақытша жабылды. 240-орамдағы ғимаратта жөндеу жұмыстары жүруде. Осылайша бұл орталықта 13 қыркүйектен бастап бір ай қызмет көрсетілмейді.

735

 

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін бөлім қызметкерлері ХҚО-ның басқа бөлімдеріне жіберілмек. Қала тұрғындары мемлекеттік қызметті алу үшін Қаратау ауданының №1 ХҚО жүгіне алады. Мекенжайы: Қ.Төлеметов көшесі, 35.
Ал дайын құжаттарды беру секторы №2 бөлімде сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін бұрынғы режимде жұмыс істей береді.
Еске сала кетейік, мемлекеттік қызметтерді egov.kz электрондық үкімет порталында, eGovKzBot2.0 телеграм-ботында және eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн форматта өз бетінше алуға болады. Ал компьютері жоқ азаматтар ХҚО ғимараттарынан тыс орналасқан egov.kz өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын пайдалана алады. Қаратау аудандық өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары әкімдіктер мен оқу орындарының ғимараттарында орналасқан.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.