Сапалы жолдар экономикаға қызмет етеді Избранное

Среда, 15 Сентябрь 2021 04:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1045 раз

Мегаполисте инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылатын жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты қала экономикасына қызмет ететін сапалы жолдар үлесін арттыру.

733

 

Осы мақсатта биыл қалада жол-құрылыс жұмыстарымен 311 шақырымнан астам жол қамтылды. Яғни, осы жылы 182 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін аталған жолдардың 270.3 шақырым болатын 169 нысан пайдалануға беріліп, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 63,6 пайызға жеткізу жоспарланған.
Аталған жол-құрылысының ішінде 49,8 шақырым болатын 71 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатса, ішкі-орам 151 көше мен 21,9 шақырымды магистралды көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, 277 көшеге шағал тас төселуде. 157 шақырым болатын бұл жұмыстарға бөлінген сома 600 млн. теңгені құрайды.
Айта кетейік, қаладағы көлік жолдарының жалпы ұзындығы 3200 шақырымнан асады. Қазір жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 60 пайыз шамасында. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 53 пайыз болатын. Үш жыл ішінде жол саласында 592 жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстары атқарылып, тәуір деңгейдегі жолдардың көлемі 1786 шақырымға жеткен.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.