Версия для печати

ЕЛ ҚОРЖЫНЫНДА – ҚОС ЖҮЛДЕ Избранное

Среда, 15 Сентябрь 2021 04:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 290 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте нысана көздеуден Азия біріншілігі өтіп жатыр. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан командасы бір алтын, бір күміс жүлде жеңіп алды.

738

 

«Shymkent Shooting Plaza» атыс кешеніндегі мергендер жарысының ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов, Спорттық атудан Азия конфедерациясының Президенті Шейх Салман Аль-Сабах, Спорттық атудан Азия конфедерациясының Бас хатшысы - Дуайч Алотайби, Қазақстандық спорттық ату федерациясының президенті Берік Асылов пен аталған федерацияның Бас хатшысы Олег Почивалов пен спортшылар қатысты.
Салтанатты шарада сөз алған шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы жарысқа арнайы келген қонақтарға алғыс айтып, мергендерге сәттілік тіледі.
– Бұл чемпионатты қаламызда алғаш рет өткізіп жатырмыз. Мегаполисте бүгінде халықаралық спорттық жарыстар ұйымдастыруға көптеген мүмкіндік қарастырылған. Жарысқа арнайы келген қонақтарды және спортшыларды Азия біріншілігінің ресми ашылуымен құттықтаймын, - деді қала әкімі.

732


Құрлық додасында Бахрейн, Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Катар, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Тайланд, Өзбекстан, Қазақстан елдерінен келген 120-дан астам мерген бақ сынайды.
Ересектер арасында 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату жаттығуында отандасымыз Эльдар Иманқұлов жеңіске жетті. Оның еншісінде – 235.1 ұпай. Екінші орында Сауд Арабиясының өкілі Софар Мохамммад Алдосари, үшінші орында таиландтық Ноппадон Сутвирух. Жастар арасында тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден тағы бір қазақстандық Ярослав Махнев күміс жүлдеге ие болды. Бұл бәсекеде алтын жүлдені өзбекстандық Умидбек Камалбеков, қоланы тағы бір өзбек мергені Мұхаммад Камалов еншіледі. Ал жасөспірімдер арасында өзбекстандық Илхомбек Обиджонов жеңімпаз атанды. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 1 күміс жүлде иеленді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа қатысушы спортшылар, жаттықтырушылар және төрешілер ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі туралы анықтама берген. Ал ресми делегация, спортшылар мен қатысушылар әр 3 күн сайын COVID-19-ға ПТР тестін тапсырады. Азия чемпионаты спорт объектісіндегі барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.
Айта кетелік, нысана көздеуден Азия чемпионаты осымен 14-ші рет ұйымдастырылып отыр. Құрлық додасы 20 қыркүйекке дейін жалғасады.