Версия для печати

Сессияда 15 мәселе қолдау тапты Избранное

Пятница, 17 Сентябрь 2021 04:43 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1453 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен мемлекеттік орган басшылары және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

763

 

Кезекті сессия отырысын қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов жүргізіп отырды. Ал күн тәртібінде 15 мәселе қаралды. Атап айтқанда, жылу маусымына дайындық шаралары, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту, қаладағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту сынды мәселелер бар.
Жиында алдымен сөз алған қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мулкеманов «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қорғау, жол құрылысы, көп қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, индустриалды аймақтарды дамыту, тағы басқа салаларға қосымша қаржы бағыттауға ұсыныс енгізілген. Нәтижесінде қала бюджетінің көлемі 481 млрд 600 млн теңгеден 490 млрд 600 млн теңгеге артатын болады. Баяндамашының 2021-2023 жылдарға арналған қала бюджетіне қосымша қаржы қарау туралы ұсынысы бір ауыздан қолдау тапты.
Мұнан соң, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбековтың жылу маусымына дайындық шаралары туралы есебі тыңдалды. Басқарма басшысының мәлімдеуінше, бүгінде қала бойынша 1945 тұрғын үйдің 1847-cі қысқы маусымға дайын. Бұл – 95 пайыз көрсеткіш. Атап айтқанда, Абай ауданында – 394, Әл-Фараби ауданында – 575, Еңбекші ауданында – 500, Қаратау ауданы бойынша 378 үй дайын. Одан бөлек, 482 бюджеттік нысанның 480-і жылыту маусымына дайындалды. Бюджеттік мекемелерге 980 тонна сұйық отын, 4,7 мың тонна көмір қажет.
Сондай-ақ, сессия барысында төрт аудан әкімдері өңірлердің даму стратегиясы бойынша 2021 жылдың
8 айында атқарылған жұмыстарын баяндады. Абай ауданының әкімі Б. Парманов, Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев, Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек және Қаратау ауданының әкімі
А.Әліқұлов абаттандыру, инженерлік инфрақұрылым жүйелері, қысқы жылу маусымына дайындық барысы жөнінен хабардар етті.
Күн тәртібіндегі мәселелер, алдымен, бірлескен тұрақты комиссиялардың және «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында егжей-тегжейлі талқыланып, депутаттар сессия отырысында бірауыздан шешім қабылдады.