Спорттағы жеңістер ел абыройы үшін аса маңызды. Мемлекет басшысы жазғы Олимпиада ойындарында жүлдегер болған қазақстандық спортшылардың еңбегін ерекше бағалап мемлекеттік награда тағайындағанын атап өтті. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел үмітін ақтаған Дархан Асәділов пен Софья Берульцева «Құрмет» орденімен наградталды. Мемлекеттік награданы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев табыстаған болатын.
Жетістіктер арқылы каратэ спорт түрінің қалада даму деңгейін көрсеткенін айтқан Мұрат Әйтенов осындай еңбектері үшін спортшыларға қала тұрғындары атынан алғыс білдірді. Айта кетейік, спортшыларға тұрғын үй қорынан «Нұрсәт» шағынауданынан 1 бөлмелі пәтер берілді.
Каратэ спорты Олимпиада ойындарына тұңғыш рет енгізілген еді. Дархан мен Софья – каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада
жүлдегері.