Версия для печати

ШЫМКЕНТ – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ Избранное

Среда, 22 Сентябрь 2021 03:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1355 раз
Оцените материал
(0 голосов)

World clean up day Дүниежүзілік акциясы Шымқалада да ұйымдастырылды. Осынау бастама аясында жыл сайын елімізде «Бірге таза Қазақстан!» экологиялық жобасы қолға алынып, жалпықалалық сенбілік өтіп тұрады.

801

 

Бүкіләлемдік сенбілікке шымкенттіктер белсене атсалысты. Жалпықалалық сенбілікке қала әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары және мемлекеттік ұйымдар мен жеке кәсіпорын ұжымдарын қосқанда жалпы саны 20 мыңнан астам азамат қатысты.
Шарада мемлекеттік қызметкерлер денросаябақтың аумағындағы орталық аллеяны, Байтұрсынов көшесі аймағы мен көлдің арғы беті және резиденция маңында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Тазалық — денсаулық кепілі. Шымкент баршамыздың ортақ үйіміз. Оны таза ұстау бәрімізге парыз екенін жеткізген Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов барша тұрғындарды жалпықалалық сенбілікке жұмыла атсалысуға шақырды. Азаматтардан бөлек, қала бойынша жүзге жуық техника, оның ішінде 12 трактор жұмылдырылып, 165 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылды. Сонымен бірге арық-атыздар тұрмыстық қалдықтардан аршылып, көптеген ирригациялық жүйелер тазаланып, жол жиегіндегі бордюрлер мен демалыс орындарындағы ғимарат сырттарын сырлау жұмыстары жүргізілді.

802


Сенбілікке орай денросаябақта «Жасыл ел» еңбек жасақтарының маусымдық жұмыстарының ресми түрде жабылу салтанаты аталып өтті. Жасылелдіктердің қуанышымен бөлісуге келген қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан 2005 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған ұйымның төрт пайдасын атап өтті.
— «Жасыл ел» еңбек жасағының бірінші пайдасы жастар бір-бірімен танысады. Екіншіден табиғаттың түрленуіне оң әсерін тигізеді. Үшіншіден экосана өзгереді. Жастар қоқысты көшеге тастамауға, айналаны таза ұстауға тәрбиеленеді. Төртіншіден жастарды еңбекқорлыққа баулиды, - деген Шыңғыс Жұмабекұлы бір топ «Жасыл ел» жасағының жас еңбеккерлерін алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, жабылу рәсімінде ерекше еңбегімен көзге түскен жасақ көшбасшылары ақшалай сертификаттарға ие болды.