ҚазТест жүйесінде тест тапсырады Избранное

Среда, 22 Сентябрь 2021 03:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1302 раз

Шымкентте қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын ҚАЗТЕСТ бағалау жүйесі басталды. Аталған шара 20-24 қыркүйек аралығында өтетін болады. Тестілеуге Шымкент қаласы бойынша әскери, құқық қорғау, бюджеттік сала, коммерциялық мекеме қызметкерлері жалпы 1500-ге тарта азамат қатысады деп жоспарлануда.

817

 

Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының директоры Дәурен Дүйсебаевтың айтуынша сертификаттық тестілеудің оң нәтижесін алған азаматтар (35 жасқа дейін) президенттік кадрлық резервіне, «Болашақ» стипендиясына үміткер бола алады.
–Тиісті баллды жинай алмаған азаматтардың тестілеуді қайта тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал жыл басынан бері орталықта 726 азамат қазақ, ағылшын, орыс тілдерінен курстан өтті, - деп атап өтті Дәурен Дүйсебаев.
Сертификаттық тестілеуден үміткерлер В1, В2 және С1 деңгейлерінен өтуі тиіс. Барлығы 150 сұрақ беріледі. 120-на дұрыс жауап берген үміткерлерге Ұлттық тестілеу орталығы тарапынан тесттен өткендігі туралы сертификат табысталады. Қазіргі таңда еліміздегі барлық тіл оқыту орталықтары ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде дайындалған оқу құралдарымен тіл үйренушілерді оқытып келеді.

Б. АНАРБАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « КӨМІР ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ ЕЛ ҚОРЖЫНЫНДА – 12 АЛТЫН »