НАСИХАТТЫҚ ТОП ЖОЛДАУ БАҒЫТТАРЫН ТҮСІНДІРУДЕ Избранное

Среда, 22 Сентябрь 2021 03:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1679 раз

Абай ауданы

Президент Жолдауын халыққа түсіндіру бойынша Абай аудандық ақпараттық-насихаттық топ өз жұмысын бастап, аудан аумағындағы түрлі еңбек ұжымдарында жиындар өткізді.

812

 

Алдымен қала әкімі Мұрат Әйтенов Ынтымақ шағынауданы №54 мектепте өткен Президент Жолдауын насихаттау бойынша Абай ауданының активімен кездесу өткізді. Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау іс-шарасында зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, мәслихат депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бас қосты.
Жиында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің проректоры, доцент Сәкен Мәжінбеков Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар, «Шымкент құс» ЖШС бас директоры Әбілқасым Досболов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Башенов, №54 жалпы орта мектептің директоры Уғлан Мамешова да өз ойларын ортаға салды.
Қала әкімі Жолдау маңызды міндеттер жүктегенін, оны іске асыруда жұмыла әрекет ету қажеттігін атап өтті.
– Жолдауда айтылған 7 бағытты қала көлемінде жүзеге асыру бойынша нақты шаралар қабылданады. Президент экономиканы әртараптандыруды міндеттеді. Осыған байланысты қала экономикасын дамыту мақсатында кәсіпкерлікті қолдауға 7 млрд теңге бағытталып, 2250 бизнес өкіліне қолдау көрсетілетін болады. «Бизнестің жол картасы» бойынша 1 мың жоба қамтылады. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен кемінде 15 жоба іске асады, 2 мың адам жұмыспен қамтылады. Құжатта білім сапасын арттыру жөнінде нақты талаптар қойылып, ұстаздарды қолдау саясаты жалғасатыны айтылды. Шымкент қаласындағы мектептерде 19 мыңнан астам педагог жұмыс істесе, олардың жалақысы 2022 жылы тағы 25 пайызға ұлғаяды. Оқушылардың қосымша біліммен қамтылу көрсеткішін 80 пайызға жеткізу көзделген, – деді қала әкімі.
Сонымен қатар, аудандық ақпараттық-насихаттық топ №66 жалпы орта мектебінде жергілікті тұрғындарға кездесіп, «КазТрансГазАймақ» АҚ-дағы еңбек ұжымына да Жолдау бағыттарын түсіндірді. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауда атап өткен елдің экономикалық дамуын көздеген басты бағыттары мен бастамалары кеңінен талқыланды.
Аталған бағыттағы ақпараттық-насихаттық топ жұмыстары аудан аумағында жоспарға сәйкес, жүйелі түрде жалғасатын болады.

Еңбекші ауданы

ҚР Президентінің халыққа арналған Жолдауын насихаттау бойынша Сайрам шағынауданы №65 мектеп гимназиясында Еңбекші ауданының актив мәжілісі өтті. Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, «Халық бірлігі және жүйелі реформалар –ел өркендеуінің берік негізі » атты стратегиялық құжаттағы басым бағыттарға тоқталып өтті. Актив жиынына Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Марат Жүндібаев та арнайы қатысты.

Алқалы жиында бірқатар баяндамашылар жарыссөзге шығып, Жолдау аясында берілген тапсырмалар мен атқарылатын жұмыстар жөнінде өз ойларын ортаға салды. Алдымен М.Әуезов атындағы ОҚУ проректоры, доцент Сәкен Мәжінбеков
Жолдаудың негізгі бағыттарын бойынша баяндады.
– Пандемия жағдайындағы мемлекеттің дамуының жаңа бағыттарын айқындайтын ұлттық жобалар құнды болып табылады. Жолдаудағы басты назар елдің экономикалық жағдайын арттыруға бағытталған. Мемлекет басшы «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму», «Өңірлік саясатты жетілдіру», «Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру» бағыттарында маңызды шаралар ұсынып отыр», - деді Сәкен Аралбайұлы.
Кезекті жиын Еңбекші ауданында орналасқан Оңтүстік арнайы еркін экономикалық аймағының басқарушы өкілдері және аймақ кәсіпорындарының қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Жиында М.Әуезов атындағы ОҚУ саясаттану кафедрасының оқытушысы Бауыржан Алтайұлы баяндама жасады.
Тоғыс тұрғын алабында орналасқан №120 мектепте, осы аумақта тұратын зиялы қауым өкілдерінің және тұрғындарының қатысуымен де кездесу ұйымдастырылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.