– Бұрын QR-код көмегімен жер учаскелеріне актілер дайындау және беруге, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, кондоминиум объектілерін тіркеуге және жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүлік саласындағы қызметтерге, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік қызметтерді төлеуге болатын. Бүгінгі таңға дейін
50-ден астам клиент QR-кодтың көмегімен төқұжатты немесе куәлікті ресімдеуді төледі, – деді мекеменің баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Бұл жүйе қаладағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады.
Айта кетейік, 2021 жылдың сегіз ай ішінде Шымкент қаласының ХҚО-лары төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру бойынша 13 818 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері – 584 теңге, төлқұжат үшін 23 336 теңгені құрайды.
Мемлекеттік қызметтерді QR-кодтың көмегімен төлеу алғаш рет
2020 жылғы қарашада іске қосылды. Жалпы айтқанда, Мемлекеттік корпорация 662 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Сондай-ақ, QR-код әр қызмет бойынша және әр клиент үшін жеке қалыптастырылады.