МАРАПАТ ТӨРІНДЕ – ҰСТАЗДАР Избранное

Пятница, 01 Октябрь 2021 04:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1666 раз

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында республикалық «Үздік педагог» байқауында шымкенттік үш ұстаз жеңімпаз атанды. Қостанай қаласында өткен салтанатты жиында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов үздіктерді марапаттап, кәсіби мерекемен құттықтады. Байқау жеңімпаздарына «Үздік педагог» төсбелгісі мен қаржылай сыйақы табысталды.

905

 

Жыл сайын ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын байқауға Шымкент қаласынан 21 мұғалім қатысқан. Республикалық кезеңде бақ сынаған ұстаздар сайыстың қалалық кезеңінде 75 мұғалім ішінен топ жарған.
Республикалық ақтық сында олардың үшеуі үздік атанды. Олар №122 «Ақжар» мектебінің тарих пәні мұғалімі – Шолпан Бегманова, М.Х.Дулати атындағы мамандандырылған №8 гимназияның математика пәні мұғалімі – Татьяна Харченко, №1 дарынды балаларға арналған ІТ лицей-интернатының биология пәні мұғалімі – Асел Тұрышова.
Конкурс «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, педагогтердің іс-тәжірибесін насихаттау, мұғалімнің қоғамдық негізгі бейнесін қалыптастыру, қала мұғалімдерінің белсенділігін, дербестігін, креативтігін, шығармашылық ізденістігін көтеру, нәтижеге бағытталған тиімді технология мен оқыту әдістерін іздеуге бағытталған.
Жеңімпаздарды анықтауда қатысушылардың кәсіби қызметтегі жетістіктері мен өз өңіріндегі білім беруді дамытуға қосқан үлесі, оқушыларының жетістіктері және білім беру ісіндегі соңғы технологияларды қолдануы ескеріледі.
Айта кетсек, қаладағы сараптау комиссиясының құрамында «Nur Otan» партиясы мен Адалдық алаңы өкілдері, ЖОО, педагогтардың шеберлік орталығы және «Өрлеу» орталығының қызметкерлері болған. Ал қалада үздік болған 21 ұстазға жергілікті бюджеттен 300 АЕК көлемінде сыйақы табысталады.