Версия для печати

Қысқа дайынбыз ба? Избранное

Пятница, 08 Октябрь 2021 04:08 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1205 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте биыл жылу маусымы әдеттегіден ерте басталды. Ауа райының суытуына байланысты енді кейбір нысандарға жылу беріледі. Осы аптада қала әкімі Мұрат
Әйтенов 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымының басталуы туралы өкімге қол қойды.

941

 

Өкімге сәйкес, 6 қазаннан бастап қаладағы 468 бюджеттік нысанның жеке қазандықтары мен автономды жылу жүйелері бар 374 нысанға жылу беріле бастады. Жеке қазандықтары бар немесе автономды жылу жүйелерімен қамтылған 792 көпқабатты тұрғын үйлердің де жылу жүйелері бүгіннен бастап іске қосылады. Орталықтандырылған жылу жүйесінің қызметін тұтынатын 145 бюджеттік нысандар мен 1444 көпқабатты тұрғын үйлерге жылу кезектік ретімен беріле бастайды. 15 қазанға дейінгі мерзімде барлық нысандар 100 пайыз жылумен қамтылады.
Жылу беру ережесіне сәйкес, «Казгидромет» РМК мәлімдемесі негізінде 3 тәулік бойы ауа райының орташа температурасы +8ºС төмен болған жағдайда жылу беріледі. Былтырғы жылыту маусымы қалада 15 қазанда басталып, 5 сәуірде аяқталған болатын.
Сондай-ақ, қысқы дайындық жұмыстары да пысықталып жатыр. Мәселен, 150-ге жуық қызметкері мен 50 техникасы бар «Zhasyl zher» мердігер мекемесі
Қаратау ауданына қарасты аумақтағы негізгі көшелер мен көпқабатты үйлердің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізеді. Мекеменің қысқа дайындық жұмысымен танысқан Қаратау ауданы әкімінің орынбасары А.Парманов құм мен тұз қоспасының сапасы - 1кг тұзға 3 кг құм болу талабының орындалуын, жиналған қарды тасымалдау сызбасы кестеге сай жүргізуін тапсырды. Сонымен қатар, қар күрейтін және жаяу жүргіншілер жолын тазалайтын арнайы техникалардың жұмысын пысықтады. Ең басты талап – қар жауған сәтте тұрғындардың кептеліссіз жетуіне жағдай жасау үшін жолдарды таңғы қарбаласқа дейін тазалуды жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.