Екпе алу – қалыпты өмірге оралу жолы Избранное

Среда, 20 Октябрь 2021 04:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1439 раз

Шымкентке «Елім үшін егілемін» атты азаматтық штабтың өкілдері келді. Атап айтқанда, Қазақстан заңгерлер одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының төрағасы, азаматтық штаб мүшесі Серік Беркамалов пен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев қаладағы оқушылар сарайында мектеп директорлары және мұғалімдермен кездесті.

114

 

Айта кетейік, бұл штаб биылғы тамыз айында құрылған. Азаматтық штабтың мақсаты – халыққа вакцина қабылдау шарасының мән-маңызын түсіндіріп, елді екпе туралы жалған ақпараттардан аулақ болып, ресми ақпаратқа ғана сеніп, мәселенің ақ-қарасын ажырата білуге үндеу.
– Бүкіл еліміздің пандемияға дейінгі қалыпты өмірге оралуының жалғыз жолы – вакцина алу. Бүгінде Шымкентте азаматтардың басым бөлігі екпе қабылдап үлгерді. Алайда алдымызда ревакцинация науқаны тұр. Екпе қабылдағанына 9 ай толған азаматтар ендігі жерде инактивтелген вакцинаны қабылдауы тиіс. Оған қоса бүгінде ел Үкіметі Pfizer вакцинасын өндірушілермен келіссөз жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта елімізге екпенің осы түрі келсе, жүкті әйелдер мен оқушылар вакцина алуы мүмкін, – деді Е.Байтанаев.
Оның айтуынша, екпе 12-17 жас аралығындағы балаларға ата-анасының келісімімен ғана салынады. Ата-анасы екпеден бас тартқан жағдайда оқушыны ешкім мәжбүрлеп вакциналамайды. Екпе салғызбаған оқушылар сабақтан шеттетілмейді.
– Қала берді, вакцинациялау мектеп қабырғасында жүргізілмейді. Бұл вакцинаны баласына салғызғысы келген ата-аналар арнайы бекітілген емханаға баласын ертіп баруы тиіс. Екпе сол жерде ата-ананың және дәрігердің бақылауымен ғана салынады. Сондықтан, «балама мектепте менің келісімімсіз вакцина салып жібермей ме» деп қорқудың қажеті жоқ, – деді штаб өкілі.
Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде «12 жасқа толмаған балаларға да вакцина салынады» деген ақпарат тарағанын, бірақ, мұның шындыққа жанаспайтынын да атап өтті.