ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ! Избранное

Пятница, 12 Ноябрь 2021 03:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1002 раз

Жүзден астам этнос өкілдері тұратын өңірімізде 17 этномәдени бірлестіктің жанынан жастар қанаттары құрылған. Бұдан бөлек, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 29 «Достық» клубы жұмыс істейді. Ұлт пен ұлыстар арасында достық, татулық пен ынтымақты насихаттауда Шымкентте 2018 жылдан бері «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы жұмыс істейді.

357

 

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының негізгі мақсаты – Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жұмыстарына жастарды тарту болып табылады. Қазіргі таңда ұйымның қалалық штабына 35 жас мүшелік етеді. Олардың қатарында мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар қанаттарының, «Достық» клубтарының мүшелері және тағы басқа этнос жастары бар.
Жыл басынан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мүшелерінің қатысуымен 22 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде, «Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік штабы мен «Jas Otan» ЖҚ Шымкент қалалық филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум түзілді.
Жастар бастамаларына қолдау білдіру, оларды жалпымемлекеттік мақсаттар мен міндеттерге жұмылдыру, бейресми жастар көшбасшыларымен жұмыс жүргізу бағытында 16 кездесу өткізілді.
Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтау бағытында арнайы лекторийлер, дәрістер, семинарлар, шеберлік сабақтары, акциялар ұйымдастырылды.
Жастар қозғалысы мүшелері Шымкент қаласындағы ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе «Шымкент – қауіпсіз қала!» тақырыбында орта арнаулы оқу орнының студенттері арасында түсіндірме жұмыстарын бірлесе жүргізді.
Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауының басым бағыттарын жастар арасында насихаттауда да өз үлесін қосты.
Биыл ел Тәуелсіздігіне 30жыл толды. Осыған орай, «Тәуелсіздік мен үшін нені білдіреді?» жобасы аясында қалалық этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанатының мүшелері Т.Пак пен К.Бойко мемлекеттік тілде Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, бейнеүндеу жолдады.
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған республикалық «Менің туым» патриоттық акциясы өтіп, мемлекеттік рәміздердің қасиеті мен маңыздылығы, тарихы мен авторы жөнінде кеңінен айтылды.
Қала тазалығы шымкенттіктердің әрқайсысы үшін маңызды десек, «Жаңыру жолы» этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанаттарының өкілдерін жұмылдырып, көлдердің, өзендердің жағалауларында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, республикалық «BizBirgemiz» акциясын қолдау мақсатында пандемия кезінде қаламыздағы қоғамдық жұмыстарға 100-ге жуық Шымкент қаласының волонтерлары жұмылдырылып, 20 мыңға жуық бетперде, медициналық қолғап мен аскорбинді қышқыл дәрумендер таратылды.
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен жастар өкілдері «Риддер, біз біргеміз!» қайырымдылық акциясын өткізіп, жиынтығы 8 тоннаны құрайтын, құны 12 млн. теңге болатын гуманитарлық көмек жөнелтті.
Сонымен қатар, «Біз біргеміз!» донорлық қайырымдылық акциясы өткізіліп, көмек ауыр халдегі науқастар мен онкологиялық ауруларды емдеуге бағытталды. Жалпы, қазіргі таңда «Жаңғыру жолы» қозғалысының жұмысын жандандыруға ерекше назар аударылып келеді.
Алдағы уақытта, жастарды экономикалық, әлеуметтік саланы нығайту, елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты, келісімді сақтау процестеріне тарту, жастар мәдениетін қалыптастыру, олардың жан-жақты дамуына, білім, зияткерлік және кәсіби-деңгейін арттыру мақсатында бірнеше жобалар жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ, Ассамблеяның жастар бағытындағы қызметін одан әрі жетілдіру үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында жастар өкілдері мен еріктілерге арналған кабинетпен және ҚХА бастамаларын іске асыру үшін коворкинг-аймақпен қамтамасыз етілуі жоспарлануда.

Б.ЖҰМАБАЕВА,
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» РЖҚ Шымкент қалалық штабы төрағасының орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.