«Волонтер» жарыққа шықты Избранное

Пятница, 19 Ноябрь 2021 04:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 209 раз

Шымкент жұртшылығына белгілі режиссер Серік Таласовтың жаңа туындысы жарық көрді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткен салтанатты жиында «Волонтер» фильмінің тұсауы кесілді.

400

 

Қалалық Жастар ресурстық орталығының тапсырысымен түсірілген толықметражды кинофильмінің жабық көрсетіліміне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері, фильмнің режиссері Серік Таласов және актерлік құрам, волонтерлік ұйымдардың өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындары волонтерлік топтарының белсенді жастары қатысты.
Фильмде екі достың оқиғасы арқылы еріктілердің жұмысы суреттеледі. Жастардың патриоттық санасын қалыптастыру және өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында түсірілген фильм режиссердің 50-ші туындысы. Ал фильм идеясының авторы – Шымкент қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов.
Кино көрсетілім соңында Шыңғыс Жұмабекұлы мен Бахадыр Нарымбетов сөз алып, режиссердің туындысына бағасын берді.
– Режиссердің бір сағаттық фильмінде көрерменді кемінде үш жылатып алатындай шеберлігіне куә болдым. Бір кинода барлық жанр бар. Комедия, драма, трагедия, тіпті аздап триллер де қамтылған. Ұтымды кастинг. Барлық актерлер өз орнына, өз кейіпкерлерін ашып тұр. Ойындарында да мін жоқ. Қарттар үйінің директоры мен тағы бірер эпизодты айтпағанда. Фильмнің идеясы тәрбиелік мәні бар, өзіндік мүддеден қоғамдық мүддені басым қоятын азаматтар шоғырын қалыптастыруға жасалған жақсы талпыныс әрі сәтті қадам. Өзіміздің төл режиссеріміз. Қорыта айтсақ, үлкен экранға алып шығуға боларлық әрі тұрарлық туынды, - деді Шыңғыс Мұқан.