Версия для печати

Бақталастық емес, достық қарым-қатынас Избранное

Пятница, 19 Ноябрь 2021 04:37 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1635 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкенттегі жоғары және арнаулы оқу орындары арасында өткен спорттық дода өз мәресіне жетті. Жоғары спорт шеберлігі мектебінде «Shymkent jastar ligasy» жобасының қатысушыларына құрмет көрсетіліп, жеңімпаздар марапатталды. Жарыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып ұйымдастырылуда.

409

 

Дүбірлі доданың жабылу рәсімінде сөз алған қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталған жобаның ауқымы кеңейіп, татулық пен достықты ту еткен біріншіліктің тартысты бола түскенін айтты. Сонымен қатар, жеңіске жеткен жастарды жеңістерімен құттықтады.
– Қала әкімінің қолдауымен өткен жылы жастар лигасының бірінші кезеңін өткізген болатынбыз. Биыл жаңа оқу жылында жоғары және арнаулы оқу орындарынан да командалар жарысқа қатысуға ниет білдірді. Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастарды спортқа тарту. Аталған жарыс бақталастық емес, достық қарым-қатынасты нығайтуға сеп болады деп сенеміз, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Спорттық сайысқа жоғары және арнаулы оқу орындарынан жалпы 98 команда қатысқан. Олар футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорт түрлерінен бақ сынады. Тартысты дода нәтижесінде жеңіске жеткендерге кубок пен медальдарын Шыңғыс Жұмабекұлы табыстады.
Жоғары оқу орындары арасында өткен футбол ойынында М. Әуезов атындағы ОҚУ командасы үздік үштікті қорытындылады. Екінші орын иегері – Шымкент университеті. Ал Орталық Азия инновациялық университеті бірінші орынды жеңіп алды.
Ал волейболдан қыздар арасында өткен тартысты ойында Шымкент университетінің командасы үшінші орынға қанағат тұтты. Ал Орталық Азия инновациялық университетінің құрамасы күміс кубокқа ие болды. Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің қыздары жеңіс тұғырынан көрінді.
Салтанатты рәсімде баскетбол ойынының жеңімпаздары марапат төрінен көрінді. ОҚМПУ командасы ІІІ орын, М. Әуезов атындағы ОҚУ құрамасы ІІ орынды еншіледі. Ал Орталық Азия инновациялық университетінің жігіттері ерлеп, жеңімпаз атанды. Шахматтан екінші орын Шымкент университетіне, бірінші орын М.Әуезов атындағы ОҚУ бұйырды.
Арнаулы оқу орындары арасында өткен спорттық жарыстың жеңімпаздары да марапатталды.