БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАР КӨБЕЮДЕ Избранное

Пятница, 26 Ноябрь 2021 04:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 200 раз

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шымкентте жаппай жүгіру өтті.

630

 

Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта спортшылар, спорт мектептерінің қызметкерлері мен жаттықтырушылар қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шара ел тәуелсіздігінің мерейтойы және Мемлекет басшысының халық арасында бұқаралық спортты дамыту тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылып отыр.
– Бұқаралық жүгіру іс-шарасы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Бұл – үшінші жүгіруге қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты 29 мекеменің қызметкерлері жұмылдырылған. Қатысушылар 1,7 және 7 шақырымға жүгіреді. Жалпы,
Президенттің бұқаралық спортты дамыту тапсырмасы
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тікелей бақылауымен атқарылуда. Бүгінгі таңда
Шымкент тұрғындарының 31 пайыздан астамы бұқаралық спортпен шұғылданады. Алда осы межені 34 пайызға жеткізу жоспары бар. Осы мақсатта үйлердің аулаларына жалпы саны 115 спорт алаңшасын салу туралы кешенді жоспар жүзеге асырылуда. Оның ішінде 14 алаңшаны кәсіпкерлер өз тарапынан салып, қала тұрғындарына сыйға тартады, – деді Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов.
Бұқаралық жүгіруге ұзын-саны 300-ге жуық адам қатысты. Жеңімпаздар мерекеге қарай өтетін салтанатты іс-шарада марапатталмақ.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.