Спортшыға пәтер сыйлады Избранное

Пятница, 26 Ноябрь 2021 04:29 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 375 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сербияда өткен бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырханға тұрғын үй сертификатын табыстады. Кездесуге Шымкент қаласы бокс федерациясының төрағасы А.Тұрысбеков қатысты. Былғары қолғап шеберіне қала әкімдігі мен бокс федерациясы бірге «Стандарт» тұрғын үй кешенінен 1 бөлмелі пәтер берді.

631

 

Спортшыны жетістігімен құттықтаған қала әкімі әлемдік аренада алдағы уақытта үлкен жеңістерге жететініне сенім білдірді.
– Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 30 жыл толды. Осы уақыт аралығында Қазақстан спортшылары халықаралық аренада Қазақ елінің абыройын асқақтатып келеді. Олардың қатарында өзің секілді талантты боксшылар бар. 20 жаста әлем чемпионатының финалында сынға түсудің өзі үлкен ерлік және жетістік. Сен үшін спорттағы үлкен жеңістер баспалдағы басталды. Енді жаттығуды күшейтіп, бұдан да биік белесті бағындырып, қазақстандықтарды қуантуға күш жігеріңді сал. Сендерге қарап жастарымыз спортпен шұғылдануға және саламатты өмір салтын ұстануға ұмтылады. Жетістіктеріңді көріп, өздеріңдей болуға талпынады. Спортшыларымыздың жетістіктері мемлекеттің беделін арттыруға септігін тигізеді. Сондықтан біз алдағы уақытта үлкен жеңістер күтеміз, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.