Версия для печати

ҚАЙТА ВАКЦИНАЛАУ БАСТАЛДЫ Избранное

Пятница, 26 Ноябрь 2021 04:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1476 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Үшінші мегаполисте коронавирусқа қарсы ревакцинация жұмыстары басталды. Екпенің үшінші құрамдас бөлігін алғашқылардың бірі болып шаһардың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев салдырды. Векторлы екпе алғанына 9 ай және белсенді емес вакцина салдырғанына 6 ай болған тұрғындар қалалық №13 емханада орналасқан екпе егу пунктінде қайта вакциналаудан өтті.

627

 

Ә.Төлебаев бүгінгі таңда қаладағы емханалардағы екпе егу пунктерінде медициналық қызметкерлер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары екпені қайта салдырып жатқанын айтты. Сондай-ақ, бұл тізімде педагогтер, әлеуметтік мекемелердің және күштік құрылымдардың қызметкерлері, түрлі әлеуметтік деңгейдегі осал топтағы азаматтар және студенттер бар.
– Covid-19 инфекциясының алдын алу мақсатында қайта вакцина қабылдауға келіп, отандық «QazVak» екпесін алдым. Ақпан айында ресейлік векторлы «Sputnik-v» вакцинасын салдырған едім, содан 9 ай толған соң келіп тұрмын. Коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы және екінші компоненттерін салдырғаннан кейін жазғы толқында, түрлі деңгейдегі ауру-сырқаттың ортасында жүрдік. Аурудан аман қалғанымызға да себепші екпе деп білемін. Қазір қаламыздағы екпе егу пунктерінде вакцинаның 6 түрі салынуда. Одан бөлек, жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін әйелдерді вакциналау жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі таңға 1700-ден астам адам «Комирнати» (Pfizer) екпесін алды. Олардың арасынан денсаулығына шағым айтқандар болмады. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты болып отыр. Қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына тұрғындарды вакциналау едәуір оң әсерін тигізді. Бірақ санитарлық талаптар толық сақталуы керек. Бетперде режимі, арақашықтықты сақтау және «Ashyq» қосымшасын қолдану әлі де жалғасады. Қалыпты өмірге оралуымыз үшін екпенің барлық компонентін салудыруға шақырамын, – деді қалалық санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев.
Емхананың эпидемиолог дәрігері Ақбөпе Сәрсенбекова екпе егу пунктінде ақпан айынан бері коронавирусқа қарсы 24 мың адам вакцина алғанын айтады.
– Екі компонентті салдырған адамның ағзасында коронавирусқа қарсы антиденелер қалыптасады. Екпеден кейін қалыптасқан иммунитет арада бірнеше уақыт өткен соң төмендей бастайды. Ал ревакцинация ағзада қалыптасқан иммунитетті қайта қалпына келтіріп, инфекциядан қорғану жүйесін арттырады. Сондықтан екпені үшінші кезеңде алатын азаматтарға бір ғана дозадан вакцина салынады. Індетті жеңуде жаппай иммундаудың маңызы зор екенін тағы еске салғым келеді, – дейді А.Сәрсенбекова.
Епке егу пунктіне бұл күні онкологиялық ауруы бойынша есепте тұратын науқастар араға 6 ай салып вакцинаның екінші компонетін салдыруға келді. Солардың бірі – Мейрамгүл Күлкеева. Емхананың бақылауында тұратын ол екпе салдыру – аурудың алдын алудың төте жолы дейді.
– Аурудың бәрі қауіпті. Дер кезінде алдын алмасаңыз, соңы қайғылы жағдайлармен аяқталуы ықтимал. Алты ай бұрын отандық «QazVak» вакцинасының бірінші дозасын алдым. Қазір дәрігерлер денсаулығымды тексеріп, екпенің екінші компонентін салды. Жұрттың сөзіне емес, мамандардың кеңесіне құлақ түрген дұрыс деп санаймын, – дейді қала тұрғыны.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері келтірген деректерге сәйес, Шымкентте жоспарланған 596 205 ересек тұрғынның 57 1411-сі (95,8%) коронавирус инфекциясына қарсы екпенің I компонентін алса, 537 051 адам II компонентін алып, көрсеткіш 90,1% құрап отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.