Елбасының қолтаңбасы қалған қала Избранное

Четверг, 02 Декабрь 2021 04:15 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 573 раз

Шымкент қаласындағы Түркістан салтанат сарайында 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті. Онда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді айтулы мерекемен құттықтап, Тәуелсіздік жылдарында еліміздің Елбасы бастамасымен қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып өтті.

662

 

—Шымкент – Елбасының қамқорлығындағы қала. Шымкенттің республикалық мәртебеге ие қала болуы Тұңғыш Президенттің жобасы екенін мақтанышпен айта аламыз. Бұл тарихи шешім қаланың жаңа тынысын ашып, тың серпінмен дамуына мүмкіндік берді. Соңғы жылдары қала бюджеті 4 есеге жуық ұлғайып, 490 миллиард теңгеге, ал, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 есе артып, 710 миллиард теңгеге жетті. Инвестиция 1.3 триллион теңгеге артып, биыл 1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Осының барлығы Елбасының тарихи шешімінің дұрыстығын паш етеді, — деді Мұрат
Дүйсенбекұлы.
Салтанатты жиында әртүрлі салаларда табысты еңбек етіп жүрген азаматтар қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Олардың арасында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, қорғаныс, құқық қорғау, азаматтық қорғаныс пен мемлекет қызмет секілді салаларда үздік қызметімен танылған майталман мамандар бар.
Салтанатты шараның соңы Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, республикаға белгілі әншілер Жұбаныш Жексенұлы, Мәдина Садуақасова, Жанболат пен Жазира, Ерке Есмахан және өзге де өнерпаздардың қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.