МАҚТАН ТҰТЫП, ҚАСТЕРЛЕЙТІН МЕРЕКЕ Избранное

Среда, 15 Декабрь 2021 04:10 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1158 раз

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

755

 

Біз үшін Тәуелсіздіктің орны қашанда бөлек. «Толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл ерлеріміздің асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиіспіз.
Бүгінгі ұрпақ азаттықтың қадірін бағалай білуге, сол арқылы ұлт пен тарих алдындағы жауапкершілігін жете сезінуі қажет. Біздің алдымызда Тәуелсіздік сыйлаған даңғыл жол жатыр. Сол жолда жаңа асуларды бағындыру міндеті тұр. Тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау – біздің басты мақсатымыз.
Тәуелсіздік жылдары еліміз, оның ішінде Шымкент қаласы қарқынды даму жолына аяқ басты. Қала халқы 30 жыл ішінде 3 есеге өсіп, 400 мыңнан 1миллион 200 мың адамға жуықтады. Тұрғындардың орташа жасы 63-тен 71 жасқа ұлғайды. Қала бюджеті 1 млрд. теңгеден 497 млрд. теңгеге өсті. Бүгінде Шымкентте әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқын алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Алдағы төртінші он жылдықтың бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халқы болу» жөнінде берген тапсырмасына орай, қаланың одан әрі дамуына қатысты нақты бағдарламалар бекітілді.
Тәуелсіздік – бұл бостандық, күш, молшылық және рухани байлық. Осынау қастерлі мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге береке-бірлік тілеймін!

Нұрлан БЕКНАЗАРОВ,
ҚР Парламенті Сенатының
депутаты

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.