Сәбилерге – «сүйінші бокс» Избранное

Среда, 22 Декабрь 2021 04:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 765 раз

Тәуелсіздік мерекесінде 238 сәби өмірге келді

Шымкентте Тәуелсіздік күні мерекесінде дүниеге келген сәбилерге Мемлекет басшысының атынан сыйлық табысталды. Қасым-Жомарт Кемелұлының сәлемдемесін жас босанған аналарға «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шымкент қалалық филиалының директоры Данабек Исабеков жеткізді.

801

 

Мамандар анасы мен сәбидің үйіне барып, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Сүйінші» атты естелік бэби-бокстар табыстады. Сыйқорапта бөбектерге қажет заттарға қоса ҚР
Президентінің құттықтау тілегі жазылған ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға – 30 жыл» монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі бар.
Мемлекет басшысының құттықтауында «Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!», – деп жазылған.
– Біздің қызметкерлер 16 және 17 желтоқсан күндері жұмыс істеді және АХАЖ өкілдерімен бірге әр сәбидің алғашқы құжатын рәсімдеу үшін перзентханаларда құжаттарды қабылдады. Осынау акцияны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен АХАЖ және «Қазпошта» қызметкерлеріне, барлық дәрігерлерге олардың қажырлы еңбегі үшін алғыс айтқым келеді, – дейді мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалының директоры Данабек Исабеков.
Тәуелсіздік күніне арналған демалыс күндері Шымкентте 238 сәби дүниеге келді. Олардың барлығына «Сүйінші» сыйлық бокстары табысталды. Бэби-бокстар ата-аналардың қалауы бойынша перзентханаларға немесе үйлеріне жеткізіледі.
Айта кету керек, «Сүйінші» сый-қораптары ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясымен, ҚР Ұлттық банкі, Центр-кредит банкі және «Қазпошта» АҚ-ның қатысуымен әзіргенген.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.