ЖАҢА АВТОБУСТАР – ЖАҢА БАҒЫТТА Избранное

Пятница, 24 Декабрь 2021 04:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1792 раз

Шымкентте 1 желтоқсанда қоғамдық көліктер 50 жаңа автобуспен толыққан болатын. Бүгінгі таңда аталған қоғамдық көліктер қаламызда жаңа бағытта тұрғындарды тасымалдауда. Бұл туралы Шымкент каласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов мәлімдеді.

829

 

Аталған автобустар № 104, № 60 маршруттарда және № 6, № 51, № 67 жаңа бағыттарды қызмет көрсетуде.
Е.Жолдасов қалалық қоғамдық көліктердің кешенді сызбасына бірқатар өзгеріс енгізілгенін атап өтті. Тұрғандардың сұранысы бойынша № 61 бағыт сызбасы ұзартылды. Спатаев көшесінен «Көл» аялдамасына дейін қызмет көрсететін бағыттағы автобус енді «Барыс базарына» дейін қатынайды.
–Жуырда пайдалануға берілген 240 автобус есебінен төрт жаңа бағыт ашылып отыр. Атап айтсақ, шаһардағы №1 автожолдан қаланың әуежайына дейін №66, Қызылсу шағынауданы аймағынан «Айна» базарына дейін №71, Сәуле шағынауданы 276 орамнан Жандосов көшесіне дейін № 43, № 115 мектеп пен «Гиперхаус СҮ» дейін № 54 бағыт жолаушылар тасымалдауда, - деді басқарма басшысы.
Жаңадан қолданысқа берілген «Yutong» маркалы автобустар №17, 21, 42, 113, 133, 158, 182 бағыттарда қызмет көрсетеді. Ал олардың орнындағы «Ankai» маркалы автобустар №2, 10, 11, 15, 16, 20, 23, 45, 52, 61, 70, 75, 96, 108, 114, 139, 171, 171а, 180, 191 бағыттарына бөлінді.
Айта кетейік, егер төлем картаңызды үйде ұмытып кеткен болсаңыз, QR-код бойынша оп-оңай төлей аласыз. Жолақысы бұрынғысынша – 70 теңге.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.